Алматыда ішіп алып көлікке отырған қос әйел жантүршігерлік жол апатын жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ішіп алып көлікке отырған қос әйел жантүршігерлік жол апатын жасады

Алматыда ішіп алып көлікке отырған қос әйел жантүршігерлік жол апатын жасады

Алматыда мас күйінде көлік тізгіндеген келіншек 4 айлық баланы қағып өлтірді. Қайғылы оқиға Қалқаман ықшамауданында кешке болған. Ащы судан ұрттап алған екі әйел бір-біріне көлік айдауды үйретіп жүріпті. Сөйтіп, желіккендердің әрекеті 3 адамды қағып, 2 көлікті талқандаумен аяқталған. Бүгін кішкентай Дарияна Маликтің денесін туыстары жер қойынана тапсырды. 15 жастағы Карина Кулиева мен 69 жастағы Ақылбек Бекбатыров ауруханада жатыр.

  • 5 Мамыр 2015
  • 445
Фото - Caravan.kz

4 айлық Дариянаның өмірін қыршыннан қиған оқиға мына аулада болған. Сәби анасымен Қалқамандағы туыстарының үйіне қонаққа келген екен. 15 жастағы Карина оны арбаға салып, сыртқа шыққан. Осы сәтте арлы-берлі шайқалған «Тайота Раф4» көлігі есік алдындағы екеуін екі жаққа ұшырыпты. Ауыр соққыдан шақалақ сол жерде өлсе, Карина Кулиева есін ауруханада жиған.

Зихра Әлиева, Д.Маликтің туысы:

— Қаққан кезде Дарияна арбадан жоғары қарай ұшып, ана талдардың арасына барып құлапты. Ауызы-мұрынынан қан кетіп, өліп қалыпты. Ал Карина жол шетінде құлап жатты. Қазір ол ауруханада. Көргендер екі келіншектің мас жүргенін айтты. Газ құбырына да келіп соғылған.

Бүгін туыстары кішкентай Дариянаны жерледі. Қайғы жұтқан отбасы енді есірген екі келіншектің жазасы қатаң түрде берілсе дейді. Солай болуын осы оқиғадан зардап шеккен тағы бір отбасы да тілейді. Мас арулар мына қызыл «Фольтсвагеннің» де иесін ауыр жаралапты. 69 жастығы Ақылбек Бекбатыров қазір ауруханада жатыр.

Жолдыбала Бекбатырова, А.Бекбатыровтың жұбайы: /04*34/

— Тоқтап тұрғанда жоғары  жақтан келген машина ұрған. Мен көрген жоқпын, көршілер шақырды. Бері қарап тұрған машина ары қарап қалған. Жанына барсам, беті  қан. Басы жарылған, кеудесі қысылған. Жедел жәрдем әкетті.

Көше жағалай көлік пен адам қағып, есірген екі мас құрбыны полиция келіп сабасына түсіріпті. Бірі 34, енді бірі 32 жастағы келіншектер қазір қамауда. Тергеуге алынғанда, екеуі бір отырыстан ішіп шыққандарын айтыпты.


Сөйтіп, ащы су бойыларын қыздырып, көлікке отырғызған. Машинаның иесі құрбысына оны жүргізуді үйретпек болыпты. Тек сол ессіз әрекеттері кішкентай Дариянаны өлтіріп, 2 адамды жаралап, 2 көлікті талқандаумен аяқталған.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

-Олар бір-біріне сілтеп, жауапкершіліктен құтылуға әрекет жасауда. Бірақ бұл тиесілі жазасын алуға ешбір кедергісін тигізбейді. Азаматшалар міндетті түрде жауап беретін болады. Жартылай мойындайды.

Егер қылмыстары дәлелденсе, күдіктілер кемі 12 жылдан арқалуы мүмкін.