Алматыда карантин күшейді: автобус қозғалысы тоқтайды - kaz.caravan.kz
  • $ 493.15
  • 574.17
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда карантин күшейді: автобус қозғалысы тоқтайды

Алматыда карантин күшейді: автобус қозғалысы тоқтайды

Алматы қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы жарияланды.

  • 11 Наурыз 2021
  • 2228
Фото - Caravan.kz

Қаулы 2021 жылғы 13 наурызда күшіне енеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ойын-сауық іс-шараларын, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шаралары (банкеттер, үйлену тойлар, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу сақталады.

Наурызды және басқа да мерекелік корпоративтерді жаппай мерекелеуді ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады; 2021 жылғы 20-24 наурыз аралығында қалааралық/облысаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың) Алматы қаласына кіруін (қозғалысын) тоқтата тұру;

Қызметі жаңартылмаған объектілерге баруға тыйым салынады. Бұл боулинг орталықтары, компьютерлік клубтар (Ashyq пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда), бильярд, караоке, батуттар, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер, лото және ойын клубтары, жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары мен аттракциондар, оның ішінде спорт объектілерінде орналасқандарды қоспағанда, мұз және роликті мұз айдындары;

Қоғамдық көлікке, таксиге, метроға, әуежайларға, т/ж және автовокзалдарға, аула балалар алаңдарына, азық-түлік және азық-түлік емес базарларға және басқа да қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізу;


Күндізгі режимде кеңестер (отырыстар) өткізуге тыйым салынады;

Коронавирустық инфекцияның жеңіл және орташа нысандарымен ауыратын науқастарды ауруханаға жатқызу, сондай-ақ үй карантинін сақтау үшін жағдайлар болмаған кезде симптомсыз нысандарды ауруханаға жатқызу міндетті.

Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден оқуға болады.

Айта кетейік, Алматыда кейінгі тәулікте 160 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды.