Алматыда карантинді жеңілдетудің үшінші кезеңі қашан басталады? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда карантинді жеңілдетудің үшінші кезеңі қашан басталады?

Алматыда карантинді жеңілдетудің үшінші кезеңі қашан басталады?

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыда карантинді жеңілдетудің үшінші кезеңі қашан басталуы мүмкін екенін айтты.

  • 4 Қыркүйек 2020
  • 26
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Бекшиннің айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі карантинді жеңілдету туралы одан әрі шешім қабылдау кезінде ескеретін көрсеткіштерді бекітті.

"Бұл соңғы аптадағы ауру мен өлім көрсеткіші, инфекция коэффициенті, тәуліктік өсім. Осы деректерді ескере отырып, біз шешім қабылдаймыз. Бүгінгі таңда карантин ережелерін тағы да жеңілдетудің алғышарттары бар. Алайда жағдайды бақылап, дұрыс шешім қабылдау үшін кем дегенде бір аптадағы көрсеткіш тұрақты болуы қажет", — деді ол.

Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда 106 032 адам COVID-19 жұқтырды. 97 967 науқас дертінен айықса, 1 588 адам қайтыс болды.


Соңғы жаңалықтар