Жарияланды: 530

Алматыда «Казконтракт» кеңсесінен Т1 млн-дай қаражат ұрланды

Өткен жұма күні Алматының орталығында орналасқан «Казконтракт» ЖШС кеңсесіне топ болып жасалған шабуылдан Т1 млн қаражат ұрланды.

Құқық қорғау органынан белгілі болғандай ғимараттарды жалға тапсырумен айналысатын ЖШС-ке шабуыл түнгі 2 мен 3 аралығында жасалған. Нақтыланбаған деректер бойынша шабуылға беттерін медициналық маскамен бүркемелеген 3 адам қатысқан. Алмалы ауданындағы Қазбек би көшесінде салынып жатқан ғимарат ішінде орналасқан күзетшінің бөлмесіне кіріп келген қарақшылар 30 жасар жергілікті күзетшіні байлап тастаған. Одан соң, байлаулы күзетшіні олар біреуіне тапсырып, қалған екеуі ғимараттың үшінші қабатына көтеріліп, бас бухгалтердің есігінің кілтін таңдап алып, есікті ашып, осылайша сейфті де ашып, компанияның жиған-тергенін алып кеткен. Шабуыл болғаны туралы таңғы 4-тер шамасында босаған күзетшінің өзі хабарлаған. Ұрлық болғанын ҚазТАГ тілшісіне растаған ЖШС басшысы ұрланған ақша көлемі Т1 млн-дай шамасында деді. Сонымен қатар ол ұрланған қаражат сомасы Т2,4 млн деген ақпаратты теріске шығарды. Қалалық ІІД мамандары қарақшыларды іздестірумен арнайы топ айналысып жатқанын жеткізді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін