Ақ халаттылардың айтуынша, бұл ұқыптылықты қажет ететін өте күрделі ота. Себебі нәзік жүйке тамырларымен жұмыс істегенде, әрбір әрекетке мұқият болу керек. Ал мына ота жасалған адамның өзі ауруханаға ауыр жағдайда жеткізіліпті. Құрылыс алаңында қолы абайсызда миксерға оратылып кетіп, қол буыны зақымданған. Ол бірнеше жыл бұрын осындай жарақатпен түссе, қолсыз қалуы мүмкін еді. Қазір жаңа технологияның арқасында қол буындары қалыпқа келді. Отаның орны да көрінбейтін болады.
Ғабит Мұсаев, науқас:
– Темір салып, ота жасалды. Одан кейін бір ай күтесің сосын күрделі операция болады деді. Бәрі сәтті өтті деп ойлаймын. Мен үшін бұл өте қиын. Осыдан кейін барлығы жақсы боп кетсін деп ойлаймын. Сенімім мол енді.