Алматыда ХҚКО-да кезекті жеделдету үшін ақша алғандар ұсталды - видео - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ХҚКО-да кезекті жеделдету үшін ақша алғандар ұсталды - видео

Алматыда ХҚКО-да кезекті жеделдету үшін ақша алғандар ұсталды - видео

Алматыда ХҚКО-лардың бірінде кезекті жеделдету үшін ақшалай сыйақы алған қызметкерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

  • 23 Қараша 2018
  • 45
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлаймыз.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматы қалалық Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасындағылар арнайы жедел іс-шара барысында азаматтарды кезексіз қабылдау үшін ақшалай сыйақы алып отырған "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметкерін ұстаған болатын.

"Қызметкер кезекті жеделткені үшін 7 мың теңге алған. Ол бірден сол жерде ұсталды. (…) Бірнеше қызметкердің осылай ақша алып отырғаны анықталды — 5 000 — 15 000 теңге аралығында. Ұсталғандардың сөзіне қарағанда, олар ақшаның жартысын корпорацияның инспекторларына беріп отырады. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 247-бабы бойынша ("Заңсыз сыйақы алу") Алатау аудандық Полиция басқармасы тергеп жатқан қылмыстық іс материалдарына қосылды", — деп хабарлады қалалық Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы Берік Әбілбеков.


Cондай-ақ, Алатау ауданының полицейлері қылмыстық іс материалдарының үш күн ішінде сотқа жолданатынын айтып өтті.

 

Соңғы жаңалықтар