Toyota Highlander маркалы автомобиль Қарасу ауданында солтүстік бағытта қозғалып келе жатқан. Кенет көлік игере алмаған жүргізуші қарсы бағыттағы жолға шығып кетіп, діңгекке барып соғылады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Территория проишествий» бағдарламасына сілтеме жасап.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, жүргізуші жүрек талмасына ұшыраған. Жол апатынан кейін ол жедел жәрдем келгенше көз жұмды», — дейді аталған бағдарламаның тілшісі.
Дәл қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
