Жарияланды: 220

Алматыда көмір бағасы алып-сатарлардың кесірінен қымбаттап отыр - әкімдік

Алматыда көмір бағасы алып-сатарлардың кесірінен қымбаттап отыр - әкімдік

Қалалық әкімдік көмір бағасы алып-сатарлардың кесірінен тұтынушыға жеткенге дейін өзгеретінін жеткізді

Алматы қаласының Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы  мегаполис базалары 90%-ға көмірмен қамтамасыз етілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, Алматы қаласындағы көмір сақтайтын 9 база 90%-ға көмірмен қамтамасыз етілген.

«Алматы қаласындағы көмір сақтайтын 9 базадағы көмір қаланы 90 пайыз көмірмен қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, 1,5 мың тонна көмір Алматы қаласына ағымдағы жылдың 18 желтоқсанына дейін жеткізіледі», делінген хабарламада.

Қалалық Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының хабарлауынша, қалаға аптасына 2 рет тұрақты түрде шамамен 3 мың тонна көмір жеткізіледі. Бұл Алматы қаласында орналасқан 17 мыңға жуық газ жүргізілмеген үйлердің қажеттілігін жабады.

Қалалық әкімдік көмір бағасы алып-сатарлардың кесірінен тұтынушыға  жеткенге дейін өзгеретінін жеткізді.

«Сапасына байланысты көмірдің бір тоннасының бағасы 12,5 мың теңгеден 15 мың теңгеге дейін өзгеріп отырады. Бұдан басқа, көмірдің бағасының өзгеруіне делдалдардың да бағасы әсер етеді. Қалалық қорлардағы көмірді негізінен, Алматы облысының ауылдарына сататын алып-сатарлар сатып алады», - делінген ведомство мәліметінде.  


 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін