Алматыда көп қабатты үй өртенді
![]() |
Алматыда Мұқанов 227 мекенжайында орналасқан көп қабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметінен. |
Өрт сөндірушілер тілсіз жаудан 2 ересек адам мен 1 баланы құтқарды.
30 адам, оның ішінде 8 бала қауіпсіз жерге көшірілді. Қызыл жалын 30 шаршы метр аумақты шарпыған.
Өрттің шығу себептері анықталуда.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін