Алматыда көпірден секірмек болған азаматқа полицейлер мен психологтар көмек берді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда көпірден секірмек болған азаматқа полицейлер мен психологтар көмек берді

Алматыда көпірден секірмек болған азаматқа полицейлер мен психологтар көмек берді

Алматы полициясы белгісіз бір ер азаматтың эстакада төбесіне не үшін шыққанын анықтады. Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, 38 жастағы азамат мұндай қадамға отбасындағы қайғылы жағдайды естігеннен кейін бармақ болған.

  • 25 Тамыз 2020
  • 14
Фото - Caravan.kz

«Оқиға Әуезов ауданындағы 6-шағынауданда, Саин көшесінің бойында болған. Сағат 18:20-да полицияға ер адамның көпірден секіруге тырысқаны туралы хабар түсті. Полиция қызметкерлері жеткенше, 1982 жылғы азаматты көпірден куәгерлер түсіріп алған. Сөйтіп ол оқиға орнына барған «Буран-86» көлігінің патрульдік жасағына тапсырылды. Азамат бұл әрекетін түсіндіргенде, оған жұмыстан қайтқанда телефонмен қоңырау шалып, жеке отбасылық қайғысы туралы естірткенін айтты», — деп хабарлады Алматы полициясы.

Оған полиция және жедел жәрдем қызметкерлерімен бірге, психологиялық көмек те көрсетілді. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by KrisP Almaty|21+🇰🇿 (@almaty_kris_p) on