Алматыда көпұлтты отбасы сайлауды мейрамға айналдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда көпұлтты отбасы сайлауды мейрамға айналдырды

Алматыда көпұлтты отбасы сайлауды мейрамға айналдырды

Алматыда көпұлтты Рымқұловтар әулеті де саяси науқанға үн қосты. Түрлі ұлт өкілдеріне қыз беріп, келін алып отырған отбасының өрісі кеңге жайылған. Өнегелі отбасының жанұяның мүшелері бүгін сайлау бөлімшесіне келіп, дауыс берді.

  • 27 Сәуiр 2015
  • 302
Фото - Caravan.kz

Рымқұловтар үшін Президент сайлауы өзіндік мереке. Қуанышты сәтті құр жібермеген балалары мен немерелері отағасына тосын сый жасап, теледидар тарту етті. Молдаван, украин, орыс, татар, әзірбайжан сынды ұлт өкілдерінің басын қосқан үлкен шаңырақ сайлау науқандарынан қалыс қалған емес. Отбасының кәмелет жасына толған барлық мүшелері бұл жолы да өздері тіркелген №58 сайлау учаскесіне келіп болашақ президентті таңдады.