Жарияланды: 46800

Алматыда коронавирустан емделіп жатқандар көрген сұмдықтарын айтуда

Алматыда коронавирустан емделіп жатқандар көрген сұмдықтарын айтуда Сурет - ktk.kz

Алматы қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасында (Городская клиническая инфекционная больница имени И. С. Жакеновой) 30-дан аса адам емделіп жатыр. Бізге жеткен ақпараттарға қарағанда емхана дәрігерлері жұқпалы дерттен қорғайтын киімді (Противочумный костюм) алғашқы күні алған. Бір киіп тастайтын киімді содан бері ауыстырмаған.

Бұл туралы Аbai.kz медиа-порталы жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Ол аз болса, дәрігерлерді Гоголь көшесіндегі "Отырар" қонақүйіне карантинге жатқызыпты. Бірақ, тамақпен қамтамас етпепті (жұмыста тамақ береді, қонақүйде берілмейді). Біздің өміріміз үшін арпалысып жүрген батыр дәрігерлеріміз қазір аш қалмау үшін өздері дүкен-дүкендерді кезіп жүрген көрінеді (жалақылары тамаққа кетіп жатыр). Сонымен қатар, карантиндегі дәрігерлерге арнайы көлік бөлінбеген. Індет жұқтыруы мүмкін мамандар қоғамдық көлікке немесе таксиге мінуге мәжбүр.


Басшылық 3 уақыт киім ауыстыратынын айтып, бәрі керемет деп журналистерді шығарып салады екен.

Маған хабарласқан дәрігердің інісінің жазған хаты сақтаулы тұр. Басқасы құрысын, өлім мен өлім арасында жүрген осындай мамандардың жағдайын жасап бере алмасақ, біз мынау аты жаман індетті қалай жеңеміз?
Мәселені ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Берік Уәли, Ерлан Карин ағаларымыз жеткізсе деймін.

Бұл жайт Ақорда жақтан шешілмесе, төмен жақ шындық үшін шырылдаған дәрігерлерді кінәлі ете салуы мүмкін.

Қытайлардай дәрігерлерге құрмет көрсете алмасақ та, жағдайын жасап беруге болады ғой!, деп жазды Абай.кз порталы

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін