«Екі адам мәселені шешу үшін Гоголь-Абылайхан көшелерінің қиылысында кездескен. Әңгіменің соңы жанжалға әкеледі. Олардың бірі травматикалық қарудан оқ ата бастаған. Абырой болғанда, ешкім жапа шекпеген. Ер адам оқиға орнынан тез арада ізін суытқан», — деді С.Әзірбек.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР ҚК 293 бабының 3 тармағы бойынша сот алды тергеу істерінің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Құқық қорғау органдары оның кім екендігін анықтады. Қазір қалалық полицейлер күдіктіні ұстау операциясын жүзеге асыруда.