Алматыда көшеде себепсіз жүргендерге айыппұл салына бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда көшеде себепсіз жүргендерге айыппұл салына бастады

Алматыда көшеде себепсіз жүргендерге айыппұл салына бастады

Көшеде себепсіз жүрген алматылықтарға айыппұл салына бастады.

  • 7 Сәуiр 2020
  • 12
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы  tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Себепсіз сыртта жүрген 105 адам жауапкершілікке тартылды. Оның 55-іне айыппұл салынды.    

"Алдыңғы тәулікте ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасының 476 бабының, 6-бөлігі бойынша, төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін, жалпы әкімшілік жауапкершілікке 59 адам, оның ішінде 26 адам қамауға алынып, 32-сіне айыппұл салынды. Тағы 1 адамға ескерту жасалды. Шектеу шаралары қабылданғалы бері барлығы 105 адам, оның ішінде 46 адам қамауға алынып, 55-іне айыппұл салынды", — делінген хабарламада. 

Кеше Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында 65 әкімшілік іс қаралды. Оның ішінде әкімшілік қамауға алу — 31, 33 адамға айыппұл және 1 адамға ескерту жасалды. 


"Қалаға кіру тәртібін бұзғаны үшін карантин басталғаннан бері блокпосты айналып өтпек болған (ҚР ӘҚБК 476 бабының 1 тармағы) 204 адам жауапкершілікке тартылды, оның 108-і қамауға алынды. Қалғанына айыппұл салынды. 203 адам қамауға алынып, 194 адамға айыппұл салынды. Тағы 14 адамға ескерту жасалды", — дейді полиция өкілдері.