Алматыда көшеде сүйісіп отырған жігіттер жұрттың жағасын ұстатты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда көшеде сүйісіп отырған жігіттер жұрттың жағасын ұстатты

Алматыда көшеде сүйісіп отырған жігіттер жұрттың жағасын ұстатты

Желі қолданушылары екі жігіттің қылығын қызу талқылап жатыр.

  • 22 Маусым 2018
  • 70
Фото - Caravan.kz

Желіде Алматы көшелерінің бірінде екі ер адамның сүйісіп отырған видеосы пайда болды, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

Инстаграмдағы zhest_kz паблигінде жарияланған видеодан екі жігіттің көшедегі орындықта құшақтасып, аймаласып отырғанын көруге болады. Кейбір адамдар тіпті олар сүйісіп отыр деп шешкен. 

Видеоны желі қолданушылары қызу талқылап жатыр. Бұл көрініс көпшілігінің ашуын тудырды. 

"Алла сақтасын мұндай азғындардан", "Видеоға түсіргенше, екеуінің мұрнын бет қылу керек еді", деп жазады наразы тұрғындар.


Ал енді кейбіреулері олардың мас екенін, жай ғана құшақтасып, бір-бірін құрметтеп отырғанын айтады. 

"Екеуі де мас қой. Мән-жайды білмей жатып, айтыптап, сөгуге асықпайық", — деп жазған біреуі. 

 

Соңғы жаңалықтар