Алматыда крематорий салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 489.33
  • 566.3
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда крематорий салынады

Алматыда крематорий салынады

Алматыда крематорий құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасына тендер жарияланды.

  • 9 Маусым 2020
  • 14
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Мәйтті өртеуге арналған нысан бір үлкен бөлме мен екі пештен тұратын болады. Оның жобалық-сметалық құжаттамасын дайындауға 46 млн теңге бөлінген. Тапсырыс беруші – «Алматы қаласы Жайлы қалалық орта басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Айта кету керек, Қазақстанда бір де-бір крематорий жоқ. Оның құрылысы туралы мәселе мерзімді баспасөзде жиі айтылады. Крематорий Жылу электр орталығының жанында салынуы мүмкін.