Алматыда күл қоқыс үйіндісінде улы заты бар күбі табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда күл қоқыс үйіндісінде улы заты бар күбі табылды

Алматыда күл қоқыс үйіндісінде улы заты бар күбі табылды

Алматы. 4 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда күл қоқыс үйіндісінде улы заты бар күбі табылды, деп хабарлайды агенттік ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігіне сілтеме жасай отырып.

  • 4 Сәуiр 2008
  • 765
Фото - Caravan.kz

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметтері бойынша, 3 сәуірде сағат 1.00-де күл қоқыс үйіндісінде құрт құмырсқа мен кеміргіштерді жоятын «инсектицид» сұйық заты бар 200 литрлік күбі табылды. Оның құрамында күкірт ангидриді (1,2 мг/м3, 20 есе нормадан артық (ПДК) және аммиак (41,2 мг/м3 — 2 есе артық ПДК) қоспасы бар екендігі анықталды.

«Улы заты бар күбі табылған жерге құм себілді. Улы затты санитарлық эпидемиологиялық департаменті қызметкерлері тәркіледі «, -деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті