Алматыда Lexus мінген қыз тұрақта тұрған екі көлікті қағып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Lexus мінген қыз тұрақта тұрған екі көлікті қағып кетті

Алматыда Lexus мінген қыз тұрақта тұрған екі көлікті қағып кетті

Lexus мінген қыз рөлге ие бола алмай, тұрақта тұрған көліктерді қағып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Жол

  • 17 Қазан 2017
  • 187
Фото - Caravan.kz

Lexus мінген қыз рөлге ие бола алмай, тұрақта тұрған көліктерді қағып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жол апаты Тұрғыт Озал көшесі бойында Төле би көшесіне жетпей болған. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Lexus RX 330 көлігі Тұрғыт Озал көшесімен оңтүстік бағытта келе жатады, неге екені белгісіз жүргізуші қыз рөлге ие бола алмай, тұрақта тұрған екі көлікке — Mercedes W 124 пен Toyota Caldina соғылған.


Lexus мінген қыз тұрақта тұрған екі көлікті қағып кетті

Қыз оқиға орнынан қашып кетуге тырысқанымен, полицияға ұсталған. Полицейлер болған істің мән-жайын анықтамақ болғанда Lexus жүргізушісі Toyota Caldina иесін шапалақпен бір салған. 

Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, Lexus мінген қыз мас болыпты.

 

Соңғы жаңалықтар