Алматыда логистика орталығы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда логистика орталығы ашылды

Алматыда логистика орталығы ашылды

Алматыда «А» класына жататын «Global Ecological Group Almaty» (GEGA) логистика орталығы ашылды. 

  • 21 Мамыр 2015
  • 432
Фото - Caravan.kz


«GEGA» ЖШС бас директоры Николай Кашириннің айтуынша, жобаны ісеке асыруға жалпы 10 миллиард теңге қаржы жұмсалды.
Кешенде тоңазытқыш және фармацевтикалық қоймалар бар. Нысанды «GEGA» ЖШС басқарады, операциялық қызметті «Almaty Contract Logistic» ЖШС атқарады.
45 мың шаршы метр аумаққа орналасқан логистика орталығы күн сайын 500 дана көлікті қабылдай алады. Бір мезетте 60 мың тонна жүк сақтауға мүмкіндігі бар. Терминалға айына 2 мың контейнер сияды.