Алматыда мәйітханалардан 41 адамның денесі ұрланғаны белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда мәйітханалардан 41 адамның денесі ұрланғаны белгілі болды

Алматыда мәйітханалардан 41 адамның денесі ұрланғаны белгілі болды

Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде мәйітханалардан 41 адамның мәйіті ұрланған. Бұл туралы Алматы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов мәлімдеді.

  • 17 Қаңтар 2022
  • 150
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ға сілтеме жасап хабарлайды.

"Шабуылдарды кәсіби дайындықтан өткен, қару-жарақ пен ұрыс әдістерін жетік меңгерген адамдар жасаған. Олар қаза болғандар мен жараланғандарды қалдырмай, өздерімен бірге алып кетті. Сол күндері мәйітханаға 7 шабуыл жасалып, соның барысында белгісіз біреулер қаза болған 41 адамның денесін ұрлап кеткен", — деді Таймерденов брифингте.

Ол Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде 149 адамның, оның ішінде 11 құқық қорғау саласының қызметкері қаза тапқанын айтты.

Террористер 7 қару-жарақ дүкенін басып алды. 1 347 қару ұрланған.


15 қаңтарда Бас прокуратура Қазақстан бойынша бүлік кезінде 225 адамның көз жұмғанын мәлімдеді.

Тәртіпсіздіктер кезінде 4578 адам зардап шеккен. Оның ішінде 4 353 адам жараланды, оның 3393-і — құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

Қазіргі уақытта 546 қылмыстық істі тергеліп жатыр. Оның ішінде 44-і — терроризм, 34-і — жаппай тәртіпсіздік, 15-і — адам өлтіру.

672 күдікті ұсталған. Оның 446-сы соттың санкциясымен қамауға алынды.

Ұстауға негіз болмағандықтан 100-ден астам адам босатылған.

Соңғы жаңалықтар