Жарияланды: 420

Алматыда мамандар табиғатты тұтынуға байланысты нормативтік базаны жетілдіру мәселелерін талқылайды

Алматыда 25-шілдеде Қазақстандағы табиғатты тұтыну саласындағы заңдарды жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы басталды.

Отырыста экологиялық қатерлі қызмет түрлеріне лицензия беру, экологиялық жобалау және норма белгілеу жұмыстарына лицензия беру, сондай-ақ, осы бағытта шешімдер шығарудың халықаралық тәжірибесі қатарлы мәселелер сарапқа салынбақшы. Қазақстанның тұрақты даму мақсатындағы табиғатты тұтынушылар қауымдастығы мұрындық болған бұл отырысқа қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен әртүрлі кәсіпорындар өкілдері және халықаралық сарапшылар қатысуда. Мемлекеттік табиғат қорғау саласын тұрақты дамытудың айрықша маңызды алғы шарттарының бірі - кәсіпорындар іс-қызметіне халықаралық стандарт талаптарын енгізу екендігі отырыста ерекше атап көрсетілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть