Алматыда машина өртенді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда машина өртенді

Алматыда машина өртенді

Алматыда «Opel Omega» маркалі көлігі өртке оранды. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады.

  • 21 Желтоқсан 2015
  • 398
Фото - Caravan.kz

«Таңертеңгі 9:14-те Абай мен Клочков көшелерінің қиылысындағы жеңіл көлік өртке оранғаны туралы хабарлама түскен. Өрт сөндірушілердің айтуынша, көлік моторында қысқа тұйықталу болған. Салдарынан 0,3 шаршы метр аумақты алған өрт тұтанды. Өрт 9:37-де сөндірілді»,- деді С. Баймұхамбетова.

Абырой болғанда, ешкім жапа шекпеген.


Соңғы жаңалықтар