Алматыда мектептер жанындағы 73 футбол алаңы жаңартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда мектептер жанындағы 73 футбол алаңы жаңартылды

Алматыда мектептер жанындағы 73 футбол алаңы жаңартылды

Алматыда мектептер жанындағы 73 футбол алаңы модернизацияланады.

  • 10 Қыркүйек 2021
  • 10
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram-дағы парақшасында балалардың денешынықтыру мен бұқаралық спортқа белсенді түрде қатысатынын хабарлады.

«Ол үшін жалпықалалық спорт инфрақұрылымынан бөлек мектеп жанындағы спорт аймағының әлеуетін дамытамыз. Өткен 2020-2021 оқу жылында мемлекеттік-жеке әріптестік аясында мектеп жанындағы 4 спорт алаңы жаңғыртылды. Биыл жыл соңына дейін 61 мектептің жанындағы спорт нысанын жаңғыртуды аяқтаймыз. Онда 73 футбол, 63 волейбол мен баскетбол алаңы, сондай-ақ воркаут-аймақтар мен жүгіру жолдары бар», — деп жазды әкім.

Сонымен қатар, ол Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасын іске асыру жалғаса беретін атап өтті.


Соңғы жаңалықтар