Алматыда менингит жұқтырды деген күдікпен тағы екі адам ауруханаға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда менингит жұқтырды деген күдікпен тағы екі адам ауруханаға түсті

Алматыда менингит жұқтырды деген күдікпен тағы екі адам ауруханаға түсті

Бұл туралы Елжан Біртанов айтты.

  • 12 Маусым 2018
  • 21
Фото - Caravan.kz

Алматыда 11 маусымда екі адам менингококкты инфекция жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды, олардың біреуі – бала, деп хабарлайды Today.kz

Бұл туралы үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. Екі науқастың жағдайын министр өзі қадағалап отыр. 

"Менингит бойынша жағдай тұрақты, кеше менингит жұқтырды деген қауіппен екі адам ауруханаға жатқызылды. Барлық науқастың жағдайын өзім қадағалап отырмын, өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ. Кеше Алматыда бала ауыр жағдайда түсті, қазір жағдайы тұрақты. Диагнозы әлі нақтыланған жоқ", – деді ол. 

Министрдің сөзінше, Қазақстан бойынша диагнозы нақтыланған 60 адам менингитпен ауырды, олардың 11-і ауруханада. 


Соңғы жаңалықтар