Алматыда менингокок инфекциясын жұқтырған бала 4 сағат ішінде қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда менингокок инфекциясын жұқтырған бала 4 сағат ішінде қайтыс болды

Алматыда менингокок инфекциясын жұқтырған бала 4 сағат ішінде қайтыс болды

Алматыда әйел мен оның баласы менингокок инфекциясын қайтыс болды.Мұның алдында аурудан үш адамның қайтыс болғаны хабарланған.

  • 21 Мамыр 2018
  • 39
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы  Tengrinews.kz  жазды.

Қалалық жұқпалы аурулар клиникалық ауруханасының бас дәрігері әйел мен баласының шұғыл сепсистен қайтыс болғанын айтты. Әйелдің ауруы асқынған назофарингиттен басталған. "Ол тамағы ауырып, қалтырап ауырған, бірақ температурасын өлшемеген. Таңертең ол қатты уланғанына қарамастан, жұмысына барған, бірақ жұмыс істей алмай, жедел әрдем шақыртқан. Ол ауыр жағдайда қалалық жұпалы аурулар емханасына жеткізілген. Сол жақтан интенсив терапия жансақтау бөліміне инфекциялық-улану шок алу жағдайында ауыстырылған. Кафедра дереу науқасты қарап, бірнеше рет консилиум өткізіп, шаралар кешенін бастадық, бірақ Уотерхаус Фредерик синдромы ушығып кетті. Әйел тәулік ішінде қайтыс болды", — деп түсіндірді дәрігер. Қалалық жұқпалы аурулар емханасының бас дәрігері Ержан Сералин әйелдің баласының жағдайын айтып берді. "Бала балабақшада болған, оның температурасы 40-қа дейін көтеріліп, шешесі үйіне алып кеткен. Түнде олар жедел жәрдем шақырып, ауруханаға жеткізілген. Амал не, бала төрт сағат ішінде қайтыс болды", — деп хабарлады Сералин.

Мұның алдында Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілдері қала тұрғындары арасында менингиттің таралуына қатысты мәлімет берген еді. Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 мамырдағы жағдай бойынша, менингококтық инфекциямен ауруханаға 47 адам келген. Олардың 8-і — балалар. Бүгінде зертхана мамандары менингокок инфекциясы бойынша 15 деректі тіркеген. Дәрігерлердің айтуынша, үш адам көз жұмды. Олардың екеуі ересек және біреуі 14 жасқа толмаған бала.

Айта кетейік, екі жағдайда, олардың бірі балада менингококтық инфекция аяқасты анықталып (бірнеше сағатта), стационарда аз уақыт қана болған. Департаменттің мәліметтері бойынша, менингококтық инфекциямен тіркелетіндердің саны үш жылда бір рет көтеріліп отырады. "Ең көп тіркелген кез 2013 жыл болды — 49 адамда диагноз нақты қойылды және 2015 жылы — 66 жағдай", — деді Алматы қаласы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары.


Оқи отырыңыз:

Тіпті 10-15 жыл бұрын молдалардың өздері хиджабты никабтан ажырата алмайтын – БАҚ «діни жаңғыру» жайында

Еліміздің бірқатар өңірінде аса қауіпті қылмыскерлер ұсталды- ІІМ

Ерке Есмахан: Маxаббат жасқа да, нәсілге де қарамайды

 

Соңғы жаңалықтар