Алматыда нөсер жаңбыр салдарынан 23 үй мен 69 ауланы су басты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда нөсер жаңбыр салдарынан 23 үй мен 69 ауланы су басты

Алматыда нөсер жаңбыр салдарынан 23 үй мен 69 ауланы су басты

Алматыда 23 жеке үй және 69 ауланы су басты. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

  • 18 Маусым 2016
  • 322
Фото - Caravan.kz

Р. Иманқұловтың мәлімдеуінше: «Алматыда су басуды тоқтату жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда Алматы қаласының Наурызбай және Бостандық аудандарында төтенше жағдай қызметкерлері құм-тас толтырылған 1 350 қаптан бөгеу жасаған.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент 15 маусымдағы «Қазгидромет» РМК ескертуінің негізінде қалыптасқан жағдай туралы СМС — хабарлама тарату арқылы  қала халқын ақпараттандырды», — деді.

2016 жылғы 17 маусымда 13 сағат 30 минуттан бастап қала аудандарында жеке үйлер мен аулаларды су басу туралы ақпараттар келіп түсе бастады.

Қалыптасқан жағдайға байланысты күш пен қаржының дұрыс мақсатта жұмсалып жатқанын бақылау мақсатында департаменттің жедел штабы іске кірісті.

Су басқан барлық аудандарға қалыптасқан жағдайды бақылау үшін департаменттің жедел топтары және төтенше жағдай жөніндегі кезекші жауапты бөлімдері жіберілді.

Бүгінгі таңда 23 жеке үй және 69 ауланы су басқаны белгілі болған. «Қарғалы өзенінің жағасына және басқа да қажетті деген жерлер қаптармен бөгелді, сондай-ақ Қарғалы өзінінің және басқа да жерлердегі  су деңгейін төмендету жұмыстарын жүргізу үшін жеке құрамның 219 маманы және 59 техника, қаланың коммуналдық қызметінің 11 мотосорғысы, Алматы қалалық ТЖД-ның өрт сөндіру және құтқару қызметтері, Алматы қаласы әкімдігінің құтқару қызметі, «Қазселденқорғау» ММ  іске кіріскен», — деп атап өтті.


17 маусым 15.00 сағаттағы Қазселденқорғаудың мәліметінше тау беткейіне — 42,5 мм жаңбыр түскен.

Соңғы жаңалықтар