Ол ұзақ уақыт комада жатқан еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, соққы салдарынан ауыр жарақат алған бүлдіршін бүгін таңертең сағат 8-дің шамасында көз жұмды.
Бүлдіршіннің өлімін қалалық полиция департаментіндегілер де растады.
«Қазіргі уақытта қылмыстық іс ҚР ҚК «Кісі өлтіру» бабына өзгертілді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілу үшін полиция департаментінің тергеу басқармасына жіберілді», — дейді полиция департаментіндегілер.
Оқиғадан кейін күдікті тұтқындалып, өз кінәсін мойындаған. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында отыр.
Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда өгей әкесінің 2 жасар баланы сабап тастағанын, бүлдіршіннің комада жатқанын хабарлаған едік. Өгей әкесінің 2 жасар баласын неліктен өлімші етіп сабағаны белгілі болды.