Алматыда Орта-Азиялық ынтымақтастық ұйымы аясында халықаралық су-энергетикалық, азық-түлік және көлік консорциумдарын құру туралы тұжырымдамалар талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Орта-Азиялық ынтымақтастық ұйымы аясында халықаралық су-энергетикалық, азық-түлік және көлік консорциумдарын құру туралы тұжырымдамалар талқыланды

Алматыда Орта-Азиялық ынтымақтастық ұйымы аясында халықаралық су-энергетикалық, азық-түлік және көлік консорциумдарын құру туралы тұжырымдамалар талқыланды

Бүгін, 1-сәуірде Орта-Азиялық ынтымақтастық ұйымының мекемеаралық жұмыс топтарының жетекшілері мен халықаралық қаржылық ұйымдардың өкілдері Алматыда бас қосты. Кездесуде бірлестік аясында халықаралық су-энергетикалық, азық-түлік және көлік консорциумдарын құру жөніндегі тұжырымдаманың жобасын жасау туралы талқыланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 1 Сәуiр 2004
  • 549
Фото - Caravan.kz

Халықаралық Қайта құру және Даму банкі, Азия даму банкі, Еуропалық қайта құру және Даму банкі мен Ислам Даму банкінің өкілдері Орта-Азиялық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің сарапшылары дайындаған халықаралық үш консорциумның тұжырымдамаларының жобасын ортаға салды. Кеңеске қатысушылар жаңадан құрылатын консорциумдардың басты жұмыс бағыттары, өзара ынтымақтастық шарттары, консорциумдардың келешек жұмысына халықаралық қаржылық ұйымдардың қатысуы сынды мәселелерді талқылады.

Осы мәселе аясындағы консультациялар 20-мамырда Алматыда одан әрі жалғасады.
«Орта-Азиялық ынтымақтастық» ұйымы — Орта-Азиялық экономикалық қоғамдастығы ұйымының заңды ізбасары. Орта-Азиялық экономикалық қоғамдастығы ұйымы осы аймақтағы елдердің тұңғыш экономикалық ынтымақтастық ұйымы болатын. Алайда, жұмыс тиімділігінің төмендігіне байланысты аталмыш бірлестік қайта құрылды. «Орта-Азиялық ынтымақтастық» ұйымын құру туралы келісімге ұйымға мүше Орта Азиядағы төрт мемлекет — Қазақстан , Қырғызстаны, Тәжікстан және Өзбекстан Республикаларының мемлекет басшыларының Алматы саммитінде 2002 жылғы 28-ақпанда қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар