Алматыда өртенген базарға қатысты пайда болған жұмбақ видео саудагерлерді таңқалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда өртенген базарға қатысты пайда болған жұмбақ видео саудагерлерді таңқалдырды

Алматыда өртенген базарға қатысты пайда болған жұмбақ видео саудагерлерді таңқалдырды

Алматыда өртенген «Адемнің» саудагерлері тілшілерден көмек сұрады! Кәсіпкерлер іске қатысты тексеру жұмыстарының дұрыс жүргізілмей жатқанын айтып, осы іске журналистер араласса екен дейді. 7 ай уақыт өтсе де, алапат өрттің себебі әлі анықталмаған.

  • 3 Желтоқсан 2015
  • 212
Фото - Caravan.kz

Василий Резван, Кәсіпкерлер мен тұтынушылардың құқығын қорғау одағының президенті:

-Өртенген сауда үйін үшінші рет тексеру кезінде әлдебір видео пайда болыпты. Бұған дейінгі тексерулерде болмаған видео аяқ астынан қайдан шығады? Ол еш расталмаған! Бұл істі бізден гөрі журналистер қауымы жақсы түсінеді. Сондықтан, тілшілерден көмек сұраймыз.

Шұғыл жиналыс ашқан саудагерлер енді тергеушілердің жұмысына наразы екен. Олар «Адемнің» бұрынғы басшысы  Ербол Тымбаевтың да жәбірленуші боп танылғанына наразы. Қазір экс-директордың өзі төбе көрсетпей кеткен. Зардап шегушілер сауда үйінде өрт қауіпсіздігі ережелері о бастан-ақ дұрыс сақталмаған дегенді де алға тартып отыр. Әрі түнде тұтанған жалын туралы ақпарат өрт сөндірушілерге дер кезінде жеткізілмеген. Мұндай олқылықтар болмаса, миллиондаған шығынға батпас едік дейді саудагерлер. Еш әділдік таппаған олар енді еліміздің бас прокуратурасына шағымдануды да жоспарлап қойған. Ашулы саудагерлер 3 мыңнан астам адамды шығынға батырғандарды жазаға тартқызбай қоймақ емес. Биыл 26 сәуірде болған өрттен сауда кешенінің 25 мың шаршы метр аумағы күлге айналған еді.

Соңғы жаңалықтар