Алматыда өртенген цехтан әйел адамның денесі табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда өртенген цехтан әйел адамның денесі табылды

Алматыда өртенген цехтан әйел адамның денесі табылды

 

  • 17 Қыркүйек 2019
  • 8
Фото - Caravan.kz


Алматыда өртенген жиһаз цехынан әйел адамның денесі табылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Үйінділерді тазарту кезінде және бір метрдей үйілген құрылғыларды алып жатқанда мәйіт табылды. Алдын ала, бұл әйелдің денесі", — делінген ведомство хабарламасында. Бүгін, Алматыда жиһаз цехы өртенді. "17 қыркүйекте сағат 11:57-те "101" пультіне Жетісу ауданында өрт туралы хабар келіп түсті. Ратушный көшесі, 84 А жанында орналасқан өндірістік цехқа таралу қаупі бар жиһаз цехы өртенген. Оқиға орнында 20 арнайы техникамен жеке құрамның 60 адамы жұмылдырылды. Полиция департаменті оқиға орнын қоршауға алды, өрт аумағы нақтыланып жатыр", — делінген ТЖД хабарламасында.
 

Соңғы жаңалықтар