Алматыда пітір садақа қабылдайтын терминалдар орнатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда пітір садақа қабылдайтын терминалдар орнатылды

Алматыда пітір садақа қабылдайтын терминалдар орнатылды

Алматылықтар терминалдар арқылы пітір садақа бере алады. Мұндай қондырғылар Орталық мешіттің жанына қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 20 Мамыр 2017
  • 293
Фото - Caravan.kz

«Бүгінгі күні Бес институционалды  реформаны жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдар қоғам алдында барынша ашық болуда және есеп беруде. Алматыда ауруханалар, мектептер, балалар бақшалары, ПИК-тер өздерінің  қаржылық есептерін жариялап, қалалықтар сеніміне ие  болуда. Міне, енді, Алматы мешіті де алғашқылардың бірі болып осы жолмен жүре бастады», —  деді қала әкімі Бауыржан Байбек. Орталық мешіттің Бас имамы Нұрбек Есмағанбетов бұл технологияның ілкі режімде қолданылатынын айтты.

Бұрыннан қалыптасқан әдіс те қолжетімді, мешітке келген кез келген жан қайырымдылық төлемдерін жәшіктерге сала  алады. Ай сайынғы жиналған қаржының жалпы сомасы мешіттің сайтында жарияланады.


 

Соңғы жаңалықтар