Жарияланды: 40

Алматыда полиция 16 жастағы оқушы қызды іздестіріп жатыр

Алматыда полиция 16 жастағы оқушы қызды іздестіріп жатыр

Алматыда 16 жастағы оқушы Екатерина Клименко 6-тәулік бойы іздестіріліп жатыр.

Қазір бойжеткенді іздестіруге полиция тергеу-іздестіру тобын құрды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Бостандық аудандық ІІБ-ында кәмелеттік жасқа толмаған қызды іздестіру бойынша тергеу-іздестіру тобы құрылды. Баланы жасөспірімдер бөлімінің мамандары, учаскелік инспекторлар іздеп жатыр. Мамандар Катяның өмірі мен араласатын ортасын бақылауға алды», - деді ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Полиция Екатерина Клименконы көрген адамдар болса, 254-47-00: 254-47-01; 254-47-02 немесе 102 телефондарына хабарласуды сұрайды.

Айта кету, Facebook  желісінде Екатеринаның анасы қызының үйіне орамағанын хабарлап, жазба қалдырған болатын.

«Клименко Екатерина Романқызы 2002 жылы 12 тамызда туған. Бойы 155-160 см шамасында. Орта денелі. Шашы сары, иығына түседі. Үстінде көк джинсы мен қара футболка болған. Үйінен 6 маусымда шығып кеткен. Содан бері келген жоқ.  Соңғы рет Атакент, Мега, Абай-Алтынсарин көшелерінде көрген», - делінген хабарламада.  

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть