Алматыда полиция күніне арналған мереке қалай аталып өтті? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда полиция күніне арналған мереке қалай аталып өтті?

Алматыда полиция күніне арналған мереке қалай аталып өтті?

23 маусым күні  Алматы қаласының ескі алаңында қазақ елінің тәуелсіз күні мен баянды ғұмыры үшін күн-түн демей еңбектенетін полицейлердің кәсіби мерекесі аталып өтілді. Білікті әрі өз өмірін туған жері үшін қиюға дайын қызметкерлерге жылы лебізін, алғысын білдіруге келген халық, мәртебелі меймандар мен ардагерлер мерекелік концертті тамашалап, Отаны үшін жанын берген жандарға тағзым етті. Қазақстан республикасы полиция күні Алматы қаласында қалай өткенін толығырақ білгіңіз келсе, Stan.kz ақпараттық агенттігі ұсынған мерекелік шара туралы эксклюзивті репортажбен танысып шығуға кеңес береміз.

  • 24 Маусым 2018
  • 213
Фото - Caravan.kz

Полиция қызметкерлеріне  алғысын білдіруі үшін ескі алаңда бас қосқан қала тұрғындары  Алматыдағы полиция жұмысымен жақынырақ танысып, оның деңгейінің жоғары немесе төмен екенін анықтау мақсатында да сағат 12-де басталатын мерекелік шараны тамашалауға асықты.

 

Мерекелік шараның  бірінші бөлімінде Ішкі Істер Департаментінің полицейлер қызметінен тұратын көркем өнер ұжымы бір жарым сағаттың көлемінде мерекені атап өтуге келген  халықтың  көкейінде жүрген сауалдарға өнерлерін көрсетіп, ерлікті дәріптейтін танымал музыкалық туындыларды орындау  арқылы жауап беруге тырысты.

Концерттің екінші бөлімінде Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек полиция қызметкерлерін мерекемен құттықтап, 700- ге жуық маманды марапаттады. Олардың арасынан ерең ерлігімен танылған тұлғалар әкімнің қолынан мадақтама қағазын алу құрметіне ие болды.

Бауыржан Байбек батыл мамандарды кәсіби мерекесімен құттықтау барысында ерлігімен жұртты сүйсіндірген полицейлерге алғысы шексіз екенін айтты. “Даңқ” және “Айбын”, “Ерлігі үшін” атты ордендермен марапатталған қызметкерлердің отбасыларына олардың қайғысы бәрімізге ортақ екенін жеткізді.

Полиция қызметкерлерін әкімнен бөлек  ІІМ  Ардагерлер кеңесінің төрағасы милиция генерал-майоры Сағынжан Байболұлы Асыл-Кеней, видео арқылы құттықтады. Видео  концерт кезінде көгілдір экраннан көрсетілді. Ардагерлер кеңесінің төрағасы  әріптестерін Алматы қаласындағы 7000 ардагердің атынан полиция күнімен құттықтап,  қызметкерлерден алдағы уақытта да еліміз бен жерімізді берік қорғап, тәуелсіздігіміздің ұзақ болуы үшін ерең еңбектенуін сұрады.  Сағынжан Байболұлы полиция қызметкерлерінің қоғамдағы орны маңызды  екенін ескере отырып, сөз соңында барлық әріптестеріне мықты денсаулық тіледі.


Өз кезегінде батыл әрі білікті қызметкерлер мамандықтарын жанынан артық жақсы көретіндерін шара барысында халыққа деген ыстық ықыласы арқылы дәлелдеді. Нақтырақ айтқанда, қару жарақ көрмесін ұйымдастырып, оған қызуғышылық танытқан адамдарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Арнайы жасақтың көмегімен қылмыскерлерді ұстау көрінісін де қойды. Концерттің үшінші бөлімінде халық қазақ эстрадасындағы танымал әншілердің өнерін тамашалау мүмкіндігіне ие болды.

Мамандардың сөзінше, ең бастысы өз ісіңді, қоғамға қандай көмек көрсете алатыныңды жақсы түсінуің керек. Олар өз жұмысын барынша жақсы  орындауға тырысады. 10 немесе 20 жылдан кейін де халықтың қауіпсіз қоғамда өмір сүруін қадағалайтынын кәсіби мерекелерінде іс-амалдары арқылы дәлелдеді.

Тәуелсіз елдің тұғырлы ұл-қыздары қарумен танысып қана қоймай, мотоцикл, өрт сөндіру сынды  көліктерге  мініп, өздерін полиция қызметкерлері ретінде сезініп көрді.

Ал мерекемен құттықтап келген жандарға ақ дастарханын жайып, қонақжайлылық көрсеткен арулар да ер азаматтардан қалыспай елді қорғаймыз деп отыр. Полиция қызметкері болу нәзік жанды арулардың қолынан келмейтін жұмыс болып көрінгенмен, еліне қорған болуы үшін полиция мамандығын таңдаған қыздардың саны аз емес. 2018 жылы Ішкі Істер Министрлігінің ең әдемі қызметкері атанған Жанбота Кәрібекованың сөзінше, өзінің болашақ мамандығын таңдайтын сәтте өмірін қауіпке тігіп тұрғанын жақсы түсінген, бірақ қандай жағдай болмасын балалар мен өз-өзін қорғай алмайтын қарияларға көмек көрсетуден еш тайынбайтынын түсінгеннен соң, осы саланы таңдаған. Мереке қарсаңында Жанбота да әріптестеріне мықты денсаулық тілейтінін айтты.

Соңғы жаңалықтар