Алматыда полиция қуып жүріп әрең ұстаған ұрылардың кім екені белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда полиция қуып жүріп әрең ұстаған ұрылардың кім екені белгілі болды

Алматыда полиция қуып жүріп әрең ұстаған ұрылардың кім екені белгілі болды

Алматыда құзырлы органнан қашқан көлік ұрылары ұсталды.

  • 26 Шiлде 2018
  • 344
Фото - Caravan.kz


Қолға түсіп қалмайық деп қатты жылдамдықпен жүйіткігендер бағанаға соғылып барып тоқтаған, деп хабарлады КТК арнасы.

Тұрғындар түн ортасында екі адамның ауладағы көліктерді айналшықтап жүргенін көріп, полицияға хабарлапты. Күдіктілерді құрықтау кезінде жұрт қару дауысын естігендерін айтады. Бірақ, ішкі істер департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр. Сыбайластар Шығыс Қазақстаннан келген екен. Тіптен, мінген көліктерінің өзі ұрланғаны анықталған. Қазір қолдарына кісен салынған азаматтардың басқа қылмыстарға қатыстарының бар-жоқтығы анықталып жатыр. Владимир, куәгер: -Оқ атылғанын естіп, төменге түстім. Көлік негізінен бағанаға соғылмаған, оны полиция соғып тоқтатқан деп естідім. Әйтеуір, полиция көліктері қаптап кетіп, шу біразға дейін басылмады.

 

Соңғы жаңалықтар