Жарияланды: 40

Алматыда қайтыс болғандарды COVID-19-ға тексеру тоқтатылды

Алматыда қайтыс болғандарды COVID-19-ға тексеру тоқтатылды

Алматыда аурухадан тыс жерде қайтыс болғандардан коронавирустың бар-жоғын анықтайтын міндетті тестілеу тоқтатылды. Қаланың мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин осындай қаулы шығарды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бекітілген құжатта медициналық ұйымнан басқа жерде қайтыс болғандардың денесіне коронавирусты анықтайтын лабораториялық талдау жүргізілмейтіні жазылған.

"Әкімдік жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штабтың 9.04.2020 жылғы № 11 "COVID-19 күдік бойынша азаматтардың өліміне және анализдер алуға байланысты мекенжайға бару кезіндегі іс-қимылдарды бекіту туралы" хаттамасының күші жойылсын", - делінген құжатта.

Қайтыс болған адамның денесі табылған жерге тек полиция қызметкерлері баруы тиіс. Олар өлімнің себептерін анықтайды.

Сондай-ақ, медициналық мекемелердің стационарларынан тыс жерде дене табылса Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бұрын емханада тіркеуде болғандарға өлім туралы анықтама беруін қадағалау керек.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін