Жарияланды: 20

Алматыда қайыршыны автобус қағып өлтірді

Алматыда қайыршыны автобус қағып өлтірді

Қайғылы оқиға Жұмабаев және Жансүгіров көшелерінің қиылысында болды. Аты-жөні әлі анықталмаған ер адамды доңғалақтың астынан құтқарушылар шығарды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Казахстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.

33-бағыттағы автобус ер адамды қағып кетті. Жүргізушінің айтуынша, жаяу жүргінші күтпеген жерден жолға шығып кеткен.

Жүргізуші тежегішті басып үлгермей, ер адамды басып кеткен. 

Марқұмның денесін құтқару қызметінің мамандары автобустың артқы доңғалағының астынан шығарды.

Зардап шегуші дәрігерлер келгенше көз жұмды. Оның қалтасында ешқандай құжат болмаған.

Куәгерлер марқұмның қайыр сұрап күн көргенін және бұл қиылысқа күнде келіп жүргенін айтты.

Полицейлер марқұмның аты-жөнін, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін