Алматыда қаңғыбастарға бөлінген ақша ұрланған - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда  қаңғыбастарға бөлінген ақша ұрланған

Алматыда қаңғыбастарға бөлінген ақша ұрланған

Алматының әлеуметтік бейімдеу орталығында бұрын соңды ел естімеген талай былықтың беті ашылды. Белгілі болғандай, орталық басшылығы мүсәпірлерді мүсіркеудің орнына мемлекеттен бөлінген қаржатты қалталарына басқан. Кілең ауру-сырқау қаңғыбастарға тиісті емі де көрсетілместен, жатын бөлмелері бөтен кісілерге жалға беріліп келіпті. Бұл заңсыздықтар прокурорлардың кезекті тексеруі кезінде әшкереленіп отыр.         

  • 20 Наурыз 2014
  • 205
Фото - Caravan.kz

Арақты суша сіңіретіндерден бастап, есінен мүлде жаңылғандарға дейін бар мұнда. Кілең қаңғыбастар күні-түні осы әлеуметтік орталығын паналаған. Әйелі еркегі бірге тұрады. Тіпті, жуынатын бөлмеге дейін баршасына біреу ғана.

-Алматы және Алматы облысының бүкіл қаңғыбастары осында келеді. Осында тамақ ішеді, түнейді, жатады, ғимарат ішінде тыныстау мүмкін емес. сасық иіс әбден сіңіп қалған. 200-дей адам жатқан нысанда бірде бір желдеткіш жоқ.

Бақытнұр Рысбекқызы, Әлеуметтік бейімдеу орталығының директорының орынбасары:

-Мына жерді жинаудың өзі біздің еден жуушыларға ыңғайсыз. Төсектері тығыз орналасқан. Желдетейік десек, бұл жерде не кондиционер де жоқ. Қыста мейлі, жазда бұл жерде адам мүлде өмір сүре алмайтындай жағдайға көшеді. Иістеніп кетеді және ыстық.

Иіске тұншыққан орталық қызметкерлері негізі талап бойынша4-5 қаңғыбасқа бір бөлмеден болуы тиістігін айтады. Алайда, мұнда қазір сифилис, туберкулезді сында қауіпті кеселдерді жұқтырғандар көпшілікпен бірге жатыр. Соған қарамастан, бұрынғы басшылық бұл арадан бөгде адамдарға жалға баспана да беріп келіпті. Тіпті, қаңғыбастардың тамағына дейін ел-жұртқа сатқан. 


Бақытжан Жамбаев,
Әлеуметтік бейімдей орталығының директоры:

-Тамағы  кішкене нашарлау болған екен. Қазір тамағын біз қалыпқа келтірдік. Жанармайды да оңды-солды жаратқан. Есеп жүргізілмеген. Оның бәрін тіркеуге  қойдық.

Жылда бұл орталыққа мемлекеттен миллиондаған қаржы бөлінеді. Бірақ, соған қарамастан қаңғыбастардың төсек-орындары талай жылдардан бері бірде бір рет жаңартылмаған. Тазалықтың жоқтығынан қызметкерлердің өздері ендігі жұқпалы дерттерді жұқтырып алудан сескеніп жүр. Ал осындай олқылықтар әшкере болған соң бейімдеу орталығының директоры жұмысынан қуылған. Ал 9 қызметкері тек әкімшілік жазаға тартылыпты.