Алматыда қаршадай қызды зорламақ болған педофил жайлы жаңа дерек шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қаршадай қызды зорламақ болған педофил жайлы жаңа дерек шықты

Алматыда қаршадай қызды зорламақ болған педофил жайлы жаңа дерек шықты

Тал түсте қаршадай қызға қол жүгірткен азамат өзі де ересек  екі баланың әкесі екен. Бүгін Алматының тәртіп сақшылары 52 жастағы күдіктінің түрін көрсетті.

  • 21 Мамыр 2015
  • 372
Фото - Caravan.kz

— Бұрын сотталдыңыз ба?

— Жоқ!

Азғын кінәсін бірден мойындаған. Сол мезетте мас едім деп ақталуда. Дегенмен оның ақыл-есінің дұрыстығы тексеріліп жатыр. «Кәмілет жасқа толмаған балаға анайы қылық көрсетті» деген айып тағылғанған тұрғын енді ұзақ уақыт бостандық көрмеуі мүмкін. Ал қылмысына мына таспа дәлел. Еңгезердей азамат 10 жасар қыздың артынан подъезге ілесе кіріп, әй-шәйға қарамай тиіскен. Шалбарының ышқырығын да ағытып тастапты. Қайта, жеткіншек айқайға басып, көршілері құтқарып қалған. Әзірге полицейлер күдіктінің атын атаған жоқ. Тек бұрын мұндай оғаш қылығы байқалмаған отбасылы азамат екенін айтты.