Алматыда қарулы шабуыл нәтижесінде 17 жасар жасөспірім өліп, оның әкесі ауыр жарақат алды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қарулы шабуыл нәтижесінде 17 жасар жасөспірім өліп, оның әкесі ауыр жарақат алды

Алматыда қарулы шабуыл нәтижесінде 17 жасар жасөспірім өліп, оның әкесі ауыр жарақат алды

Алматының 7-ші клиникалық ауруханасында 17 жасар жасөспірім есіне келмей, экспедитор-жүргізуші болып жұмыс істейтін әкесінің автокөлігіне жасалған қарулы шабуылда пышақтан алған жарақаттан көз жұмды.

  • 18 Маусым 2011
  • 379
Фото - Caravan.kz

Құқық қорғау органындағы дереккөздің айтуына қарағанда, қарулы шабуылды қарақшылар экспедитор мен оның ұлына бейсенбі күні кешкі сағат 19-20 аралығында Әуезов ауданындағы «Жетісу-2» ықшамауданында жасалған.

Экспедиторда ірі сомадағы ақшаны алмақшы болған қарақшылар, қарсылыққа душар болып, оларға пышақ сала бастаған.

Бір сағаттан кейін ауруханаға әкесімен бірге жеткізілген жігіт аурухананың қабылдау бөлімінде есіне келмей көз жұмды. Оның 46 жасар әкесі ессіз күйде жан сақтау бөліміне жатқызылды. Ол ішінен пышақпен жарақаттанған.

Бір болжам бойынша қылмыс біреудің «сілтемесімен» жасалған, деді сұхбатшымыз.

Қарақшы күдіктілерді полициядағылар әзірге анықтай алмай отыр.

Соңғы жаңалықтар