Алматыда қарулы "жиһадқа" үндегендер полицейлер мен шенеуніктерге шабуыл жасамақшы болған - ІІД - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қарулы "жиһадқа" үндегендер полицейлер мен шенеуніктерге шабуыл жасамақшы болған - ІІД

Алматыда қарулы "жиһадқа" үндегендер полицейлер мен шенеуніктерге шабуыл жасамақшы болған - ІІД

Алматы полициясы осыған дейін қарулы "жиһадқа" үндеген бір топ адамның ұсталуына қатысты істің мән-жайын айтып берді, - деп ха

  • 8 Желтоқсан 2017
  • 234
Фото - Caravan.kz

Алматы полициясы осыған дейін қарулы "жиһадқа" үндеген бір топ адамның ұсталуына қатысты істің мән-жайын айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІД мәліметінше, терроризм жасамақшы болған және террорлық акт жасауға үндеген А.Жұмағұлов, О.Өміров, К. Әбішев есімді күдіктілер екі айға қамауға алынды. "Тергеу барысында осы аталған күдіктілер А.Жұмағұловпен бірге құқық қорғау органдары мен мемлекеттік құрылымның өкілдеріне қарсы акция жүргізуді жоспарлаған. Полиция қызметкерлеріне телефонмен қоңырау соғып, оларды және олардың отбасы мүшелерін қорқытуды жоспарлаған. Сондай-ақ, қорқыту мақсатында камуфляж бен бетперде киіп, мемлекеттік органдардың басшыларына видеоүндеу жолдамақ болған. А. Жұмағұлов ақша алу мақсатында жеке кәсіпкерлерден ақша бопсалайтын қылмыстық топ құрмақшы болған. Осы мақсаттарда Қырғызстаннан қару әкелуді жоспарлаған. Құқық қорғау органдарының өкілдері оларды ұстаған жағдайда кінәні өз мойнына алатын адамдарды да іздеген. Жасырыну мақсатында ұялы телефондар мен сим-карталарды алып қоюды жоспарлаған. Ақша бопсалағаннан кейін А.Жұмағұлов құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне белсенді түрде шабуыл жасамақшы болды", — деп хабарлады Алматы полициясындағылар. Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыда қарулы "жиһадқа" үндеген бір топ адамның ұсталғаны хабарланған болатын. Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің мәліметінше, ҚР ҚК-нің 256-бабының 1-бөлігі ("Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
 


Соңғы жаңалықтар