Жарияланды: 450

Алматыда "Қазақстан-1" телерадиокомпаниясының ғимаратында өрт шықты

Бүгін, 21-шілде күні таңғы сағат 5-те Алматыда "Қазақстан-1" телерадиокомпаниясының ғимаратында өрт шықты. Ғимараттың Қазақ радиосы орналасқан бөлігі өртенген. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінің ақпаратынан мәлім болды.

Өрт 6 сағат 46 минутта сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтау шарасына 130 адам мен 19 техника жұмылдырылды. Өрттен зардап шеккен адамдар туралы ақпарат жоқ. Өрттің шығу себебі мен келген материалдық шығын көлемі анықталу үстінде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть