Алматыда қазақстандық қыздарды Кореяға секс-қызмет көрсетуге жібергендер ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қазақстандық қыздарды Кореяға секс-қызмет көрсетуге жібергендер ұсталды

Алматыда қазақстандық қыздарды Кореяға секс-қызмет көрсетуге жібергендер ұсталды

Алматыда көлік полициясы заңсыз көші-қонмен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 6 Қазан 2017
  • 651
Фото - Caravan.kz

Ведомство мәліметінше, Алматы халықаралық әуежайында 59 жастағы ер адам мен екі әйел ұсталған.

"Көлік полициясының қызметкерлері тексеріс кезінде ұсталғандардың заңсыз көші-қонмен айналысқанын, яғни, жас қыздарды Алматы әуежайы арқылы Қазақстаннан алып кетіп, Оңтүстік Кореяға секс қызмет көрсетуге жібермекші болған", — деп хабарлады көліктегі ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабы бойынша ("Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру") сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.


 

Соңғы жаңалықтар