Алматыда "Қазақтелерадиосы" корпорациясының ғимараты әлі де өртеніп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда "Қазақтелерадиосы" корпорациясының ғимараты әлі де өртеніп жатыр

Алматыда "Қазақтелерадиосы" корпорациясының ғимараты әлі де өртеніп жатыр

Алматыда "Қазақтелерадиосы" корпорациясының ғимараты әлі де өртеніп жатыр. Өрт ошағы №1 студияда тұтанған болатын. Алайда қазір өрт әлі де толық сөндірілген жоқ. Бұл туралы өрт сөндіруші топтың жетекшісі Игорь Сывороткин KZ-today тілшісіне берген сұхбатында атап көрсетті.

  • 21 Шiлде 2003
  • 646
Фото - Caravan.kz

Өрт болған жерге қалалық өртке қарсы күрес қызметінің 24 техникасы келтірілді.

И.Сывороткиннің айтуынша, өрт таңертеңгі 6 сағат 46 минутта негізінен ауыздықталған. Алайда ол толыққанды сөндірілді деп айту әлі де ерте. Қазір корпорация ғимаратында 30 адам жұмысты одан әрі жалғастыруда.
Қазіргі жағдаймен «Қазақтелерадиосы» корпорациясының ғимаратында шыққан өрттің себебі анықталған жоқ. Телерадиокомпаниясы аумағында осы мақсатпен Алматы қалалық мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің тергеушілері жұмыс істеп жатыр.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін, 21-шілде күні таңертең 05 сағат 04 минутта «Қазақтелерадиосы» корпорациясының ғимаратында 400 шаршы метр аумақ отқа оранған болатын.

Соңғы жаңалықтар