Жарияланды: 20

Алматыда құқықтанушы ғалым Салық Зимановтың туғанына 100 жыл толуына арналған ғылыми конференция өтеді

Алматыда құқықтанушы ғалым Салық Зимановтың  туғанына 100 жыл толуына арналған ғылыми конференция өтеді

2021 жылғы 9 сәуірде Жария құқық ҒЗИ, Жеке құқық ҒЗИ, Каспий университетінің «Әділет» Жоғары құқық мектебі, «Тұран» университеті жанындағы құқық ҒЗИ, Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті Қазақстан Республикасы Ұлттық ғалым акдемиясының академигі С.З.Зимановтың туғанына 100 жыл толуына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Бұл шараның мақсаты – аса көрнекті құқықтанушы ғалым, Қазақстанның тәуелсіздік кезеңіндегі қоғам әрі саясат қайраткері, заң ғылымдарының докторы, академик Салық Зиманұлы Зимановты еске алу.

Салық Зиманов көп жыл бойғы жемісті әрі белсенді қоғамдық-саяси қызметі арқылы Қазақстан мемлекеттігінің қалыптасуы мен дамуына, сондай-ақ, Қазақстанның заң ғылымы мен біліміне елеулі әрі шексіз үлес қоса білді

Аталған шараға қатысатын заңгер ғалымдар, түрлі саланың өкілдері, Зимановтың шәкірттері мен ізбасарлары конференцияда оның бүкіл белсенді шығармашылық өміріндегі ғылыми мүдделеріне сай көптеген мәселелерді талқыға салады. Олардың арасында мына жайттар бар: тәуелсіз Қазақстанның іс жүзіне асырылған мемлекеттігі мен құқығын қалыптастыру тарихын теориялық тұрғыдан зерттеу; өзекті құқықтық проблемаларды зерттеу әдістемесінің көкейкесті мәселелері; оның басқаруымен жасалған «Қазақтар құқығының ежелгі әлемі» 10 томдық еңбегін әзірлеу және басып шығару мәселелері; «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын басқару және тағы басқалар.

Сондай-ақ, конференция тыңдаушыларын ғалымның заң мамандарын дайындау мәселелері бойынша жаңа жағдайда мемлекет алдына қойылған міндеттерді орындап, жобаларды жүзегі асыруға қатысты идеяларымен таныстыру жоспарланған.

Салық Зиманұлының көптеген еңбектерімен танысу, оны әсіресе жас ғалымдар мен практиктердің қабылдауы Қазақстанның тарихи-құқықтық және жалпы құқықтық ғылымының дамуына ықпал етеді. Сонымен қатар, тәуелсіз Қазақстанның заң шығару саласындағы мемлекеттік-құқықтық және тиімді механизмдердің жетілдірілуіне, басқарушылардың бүгінгі буынының қалыптасуына септігін тигізеді.

Конференция бағдарламасында заң ғылымдарының докторы, академик С.З.Зимановтың ғылыми еңбектерінің жан-жақтылығын көрсететін қызықты баяндамалар бар.

Олардың арасында ХХ ғасыр басындағы демократиялық зиялы қауым өкілдерінің саяси-құқықтық идеяларын зерттеу мәселелері, тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік формасына, сот билігін, парламентаризмді қалыптастыруға деген ғалымның көзқарасы, мемлекет пен құқықтың жалпы теориясы мен тарихы әдістемелеріне, еліміздің құқықтық ғылымы мен заң біліміне қосқан үлесі қарастырылған.

Конференция қатысушылары мен тыңдаушылары аса көрнекті замандасымыздың, дарынды құқықтанушы ғалымның, өзі ұзақ жылдар бойы жемісті қызмет еткен отанының патриоты әрі нағыз азаматының оқиғаға толы және жарқын өмірі туралы қызықты деректерді біле алады.

Салық Зиманов тәуелсіз Қазақстан тарихынан ойып орын алып, өзінің шәкірттері мен қызметтестерінің есінде мәңгі сақталады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін