Ал, Астанада мұқтаж жандарға 1300 келідей ет пен дәнді дақылдар, ұн мен тәтті тағамдар таратылған. Барлығы 130 отбасыға бұл күні көмек көрсетіліпті.
Қасиетті мереке күні қайырымдылықпен айналысқан ұйымдардың бірі — "Зекет" қорының Астанадағы филиалы.
"Біз байлар мен кедейлер арасындағы көпір іспеттіміз. Мұнда зекет беруге ниет еткендер ағылып келіп жатады. Біз садақаға түскен осынау қаражатты жинап, мұқтаж жандарға таратып береміз", — дейді қордың Астанадағы өкілі Дина Боранбаева.
Бұл күні павлодарлықтар да жақсылық жасаудан қалысқан жоқ. Облыс орталығында 1000 адамға арнап палау басылып, 1 тонна бауырсақ әзірленді. Бұл тағамдардың бәрі балалар үйі мен интернаттарға таратылды.