Алматыда құсбегілердің республикалық турнирі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.03
  • 584.82
+11 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда құсбегілердің республикалық турнирі өтеді

Алматыда құсбегілердің республикалық турнирі өтеді

Республикалық турнирге Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары мен Астана қаласынан 60-қа жуық құсбегілер қатысады.

  • 6 Ақпан 2018
  • 140
Фото - Caravan.kz

Ақпанның 8-10 аралығында ұлттық спорт түрінен «Қыран-2018» атты құсбегілердің республикалық турнирі өтеді, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Айтулы доданың басты мақсаты – жақсы үрдісті еліміздің мәдени, рухани ордасы – Алматы қаласында қайта жаңғыртып, қолға алу.

Және биылдан бастап қыран құсты баптаушылардың жарысын өткізуді дәстүрге айналдыру.

Республикалық турнирге Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары мен Астана қаласынан 60-қа жуық құсбегілер қатысады.


Жарыс құстың сыны, құсбегінің киім үлгісі, құсты ат үстінен қолға шақыру, шырға тарту кезеңдерінен тұрады.