Алматыда қымбат көліктерді ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қымбат көліктерді ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Алматыда қымбат көліктерді ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Алматы полициясы қымбат көліктерді ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ІІД-нің баспасөз қызметіне сәлтеме жасап. 

  • 30 Тамыз 2017
  • 236
Фото - Caravan.kz

Мұның алдында қалалық және аудандық криминалды полиция бөлімшелерінен арнайы топ жасақталғаны хабарланған. 

"Бірнеше ұрлық іздерін зерттей келе көбіне Toyota Camry ұрлайтын арнайы топ бар деген болжам жасадық. Алғашқы күндері-ақ көліктердің шамамен Қырғызстанға жеткізілетіні анықталды. Ары қарайғы тергеу жұмыстарының нәтижесінде күдіктілер Toyota Land Cruiser Prado көлігін ұрлап, шегара асырмақ болған сәттерінде қолға түсті", — дейді Алматы қаласы ІІД-нің Криминалды полиция басқармасының басшысы подолковник Жанболат Зиадин. Оның мәліметі бойынша, бұл топ 23-тен 34 жас аралығындағы бес адамнан құралған. Олардың екеуі Жамбыл, екеуі Алматы және біреуі Оңтүстік Қазақстан облысының тумалары. Топты басқарған ер адамның жасы 29-да, мұның алдында ол ұрлық үшін істі болған. 

"Күдіктілер қамауға алынды. ҚР ҚК-нің 200-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қазіргі кезде олардың сегіз көлікті ұрлағаны дәлелденді және басқа да ұрлық деректеріне қатысы бары анықталып жатыр", — дейді Зиадин. 


 

Соңғы жаңалықтар