Жарияланды: 1400

Алматыда қырықтан асқан әйелдер секс-тренерлеріне барып жүр

Алматыда қырықтан асқан әйелдер секс-тренерлеріне барып жүр

Бүгінде төсек қатынасының қыр-сырын үйрететін арнайы мамандар бар. Өздерін вумбилдинг немесе имбилдинг деп атайтын жаттықтырушылар әсіресе Алматы қаласында көп. 

Елімізде енді ғана дамып келе жатқан имбилдинг жаттықтырушылар Алматы қаласында соңғы жылдары көбеюде.

Имбилдинг – төсек қатынасы кезінде, жүктілік барысында, босануда пайдасын тигізетін жамбас бұлшық еттерін қатайтуға арналған методикалық жаттығу.

Бүгінде осы жаттығуларды арнайы игерген мамандар қарапайым халық арасында өз жұмыстарын бастап кеткен. Олар тек қана жаттығу жасауды үйретпейді, толығымен төсек қатынасын жақсарту тәсілдерін де үйретеді.

Арнайы жаттықтырушыға келушілердің көпшілігі - қарапайым қазақтың қыздары мен 40 жастан асқан әйелдер.

Осы салада бірнеше жыл бойы жұмыс жасап келе жатқан секс-тренердің айтуынша, егде жастағы әйелдер кейде жұбайларын да жаттығуға алып келеді екен.

«Олардың көпшілігі жас келген сайын төсек қатынасындағы белсенділіктің азайғанын байқайды. Мәселен маған күйеуі 45-те, әйелі 40 жастағы жұп келген. Олардың сөздерінше, екеуі қанша қалағанымен төсек қатынасы жыл өткен сайын қиындаған. Мен әйелін тұрақты түрде жаттығумен айналысуға шақырдым. Бірнеше ай үзбей жаттыққан соң, оларда бәрі жақсы екенін естідім», - дейді тренер.

Айтуынша, оған соңғы уақытта егде жастағы әйелдер көптеп келе бастаған. Жаттығуды қай жаста бастасаңыз да айырмашылығы жоқ көрінеді.

Сонымен қатар, жаттығу барысында әйелдерге төсек қатынасы психикасы мен жаңа тәжірибелер туралы айтылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть