Алматыда қыз алып қашқандар тәулік өтпей үйіне қайта әкеп тастады
Кешірімшілер емес, қыздың өзі келді! Алматыда тура колледждің алдында алып қашқан Айсел Байрамованы полиция арнайы құрықтау шарасын қолға алып, түнімен іздеген болатын. Қыз ұрлағандар қорқып қалса керек, бүгін таңсәріде оны үйіне әкеп тастады. «Кавказ тұтқыны» комедиясына пара-пар кешегі оқиға күллі қаланы дүрліктірген еді. |
Қыз алып қашқан топ түні бойы қала сыртында тығылып жүріпті. Үйіне аман-есен оралған Айсел көліктің ішінде қонып шыққан. Тәртіп сақшылары қаланы төңкеріп іздеп жүр дегенді естіген Тахир Мамедов тек таңға жуық тәубесіне келіп, қызды үйінің алдына әкеліп тастапты. Айселдің амандығын көріп ашуы тарқаған ата-ана шағымын қайтарып алған. Қыздың өзі де бұл шытырман оқиғаға қатысты полицияға арыз жазбай қойды. Осы себепті де күллі елді дүрліктірген күйеу жігіт пен оның нөкерлері жауапкершіліктен толық босатылды. Ал арыз жазылған жағдайда, қыз алып қашқандардың әрқайсысы 15 жылға сотталуы мүмкін еді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін