Алматыда қыз зорлады деген күдікпен жалған полицейлер құрықталды - ІІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қыз зорлады деген күдікпен жалған полицейлер құрықталды  - ІІМ

Алматыда қыз зорлады деген күдікпен жалған полицейлер құрықталды - ІІМ

Астана. 12 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда қыз зорлады деген күдікпен жалған полицейлер құрықталды . Бұл туралы бүгін өткен апталық брифингте ҚР ІІМ-нің баспасөз хатшысы Бағдат Қожахметов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 12 Қараша 2007
  • 742
Фото - Caravan.kz

«Арнаулы шаралардан кейін оперативтік қызметкерлер қыз зорлаған күдіктілер ретінде барлық жалған полицейлерді қолға түсірді. Айғақзаттар алынды», — деді Б. Қожахметов.

ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың тамыз айында бір қыз шағымдана келіп, өзін біреулердің зорлап еткенін хабарлаған. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жәбірленуші «зорлықшылардың өздерін полиция қызметкеріміз деп таныстырғанын» жеткізген. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеу барысында белгілі болғанындай, қызды тау жаққа жеткізген төрт еркек қызға пышақ көрсете қорқытып, соққыға жығып, зорлап тастаған.

Жәбірленушінің айтуынша, «күдіктілер өздерінің ұйымдасқан қылмыспен күрес қызметкерлері екендігін бірнеше мәрте қайталаған». Бұдан кейін, ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, әлгі еркектер қызды ағашқа байлап тастап, қылмыс орнынан іздерін жасырған.

Қазір «тергеу амалдары жүргізіліп жатыр». «Бұл топтың басқа да беті ашылмаған қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексеріліп жатыр», — деді Б. Қожахметов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті